Не десең де мақұлмын

Бұл бетте «Не десең де мақұлмын» атты Серік Тұрғынбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 18.09.2021
  • 0
  • 0
  • 605
Не десең де мақұлмын,
Айналайын ақылдым.
Сен жоқ жерде – пақырмын,
Сен бар жерде – батырмын.
Шақпақ тастай жарқылдап,
Шабытымды шақырдым.
Әруағы арқамның,
Ардақтысы ақынның.
Асылы да нәсілі
Астымдағы атымның.
Махаббаттың жібімен
Саған ғана шатылдым.
Қуанғаныңда күлімдеп,
Қиналғаныңда «аһ» ұрдым.
Шырайлансаң шаттанып,
Мұңайғанда қапылдым.
Аспандағы Ай болсаң
Айығам деп дертімнен
Саған қарай атылдым.
Айтып-айтпай не керек:
Ақырына келгенде
Аяғыңа жығылып,
Мәрт боп келген басыммен
Мерт боп енді жатырмын!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Не десең де мақұлмын өлеңінің авторы кім?

Серік Тұрғынбеков — осы өлеңнің авторы.

Не десең де мақұлмын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Не десең де мақұлмын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Серік Тұрғынбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Не десең де мақұлмын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері