Қар жауғанда – Серік Тұрғынбеков

Бұл бетте «Қар жауғанда» атты Серік Тұрғынбеков жазған табиғат туралы өлең берілген.

  • 18.09.2021
  • 0
  • 0
  • 811
Қар жауғанда
Дархан дала жаңғырып,
Қара жердің тамырына қан жүріп,
Бұрқ-сарқ қайнап,
Алып қазан –
Ақ қазан
Дәл осылай қалатындай мәңгілік.
Қар жауғанда
Қайта қунап қара орман,
Ұйпа шашын ақ тарақпен таранған.
Қалғандайсың ақ шымылдық ішінде,
Әттең, дүние... бәрі өткінші, бәрі арман.
Бұрқырайды байтақ өлке қырмандай,
Күн жымиып,
Ай да мойын бұрғандай.
Қар жауғанда...
Қар жауғанда,
Аспан – Жер
Бір-бірімен құшақтасып тұрғандай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері