Маңғыстау

Бұл бетте «Маңғыстау» атты Серік Тұрғынбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 18.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1196
Аңдасаң, гүл шыққандай тақыр жерге,
Алаулап жалын атып жатыр бел де.
Бұйығы баяғыдан бұл өлкеде
Болмапты батыр кенде, ақын кенде.
Талайлар сая тапқан «жат аймақтан»,
Тарихын еткен бүгін атай мақтан.
Асынып ақ семсерін, көк найзасын
Батырлар айтақырда ат ойнатқан.
Ұмтылып, ұзап шыққан мұндағы арман,
Жұтылып жота, белде, құмда қалған.
Көне көз көпті көрген кәрі Атырау
Көп сырды көпке шашпай тыңдап алған.
Сол сырды жатыр елге жайып бүгін,
Еске алып ғаріп күнін, ғайып күнін.
Өкінген өткеніне лағнет айтып,
Білмейді Ақбөбек пен Қайыпты кім?!
Көзіме көрінесің киелі елдей,
Ақтауға Каспий келіп сүйенердей.
Жағада жыпырлаған сансыз үйлер
Асыққан су ішуге түйелердей.
Тер төкті ағайын да, дос та ерінбей,
Жастықтың жасандырған әскеріндей.
Шевченко сылаң қағып, бой түзейді
Түскен бір жаңа отауға жас келіндей.
Аңдасаң, гүл шыққандай тақыр жерге,
Алаулап жалын атып жатыр бел де.
Бұйығы баяғыдан бұл өлкеде
Болмапты батыр кенде, ақын кенде.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Маңғыстау өлеңінің авторы кім?

Серік Тұрғынбеков — осы өлеңнің авторы.

Маңғыстау өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Маңғыстау өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Серік Тұрғынбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Маңғыстау өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері