Бурабайда жартастар бар – Серік Тұрғынбеков

Бұл бетте «Бурабайда жартастар бар» атты Серік Тұрғынбеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 18.09.2021
  • 0
  • 0
  • 781
Бурабайда жартастар бар,
Неткен шебер тас қалас.
Құламастан тік қалған,
Жазық маңдай, қасқа бас
Айнымаған Мұхтардан
Бурабайда жартастар бар.
Сездіргендей жас күшін,
Кесек кескін, күміс шаш,
Мынау тылсым тас мүсін
Шоқанға да тым ұқсас,
Бурабайда жартастар бар.
Долы толқын екпіні
Тиген жерін жанышқан.
Анау жартас кескіні
Айырмасыз Қаныштан,
Бурабайда жартастар бар.
Үрейіңді жеңдірсең,
Тура қарап аспанға.
Ұлылардың, мен білсем,
Еншісі бар тастан да,
Бурабайда жартастар бар...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері