Жұлдызды биікте

Бұл бетте «Жұлдызды биікте» атты Ислам Қосжан жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.09.2021
  • 0
  • 0
  • 477
Биікте тұру ұнаған...
Төменнен көп қорқынышы.
Әрбір жұлдыз... бір адам...
Аққан кезі - тоқтаған дем, тынысы.
Біз білмейтін сұрақ толы,
Жұлдыздар да шер жүктеген...
Ұнатамыз бірақ оны,
Биіктікті ерлік көрген.
Сен аман бол, жоғары бол,
Сен жұлдызым - Алһам хат.
Дәм таусылса, ағамын сол,
Хақтан алған марапат.
Қысқа құйрық, бірі ұзын,
Ағады... аспан төсінен.
Сен аман бол, жұлдызым,
Менің ғажап көшірмем!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жұлдызды биікте өлеңінің авторы кім?

Ислам Қосжан — осы өлеңнің авторы.

Жұлдызды биікте өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жұлдызды биікте өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ислам Қосжан өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жұлдызды биікте өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері