Қаңбақ хикаясы – Тұрмағамбет Ізтілеуұлы

Бұл бетте «Қаңбақ хикаясы» атты Тұрмағамбет Ізтілеуұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.05.2019
  • 0
  • 0
  • 2098
Ілгергі өткен заманда,
Көріпті біреу қаңбақты.
Аяғы жоқ, қолы жоқ,
Жүреді деп қалай таңлапты.
– Шын әулие шығар,– деп,
Ізінен еріп қалмапты.
Қасыд етіпті қаңбақтан,
Тарихат, тағлым алмақты.
Кетіпті қаңбақ домалап,
Емес қой ондай салмақты.
Жүгіртсе де, жел айдап,
Ойлапты оған бармақты.
Тығылыпты ол қаңбақ,
Тауып бір шұқыр, қарнақты.
Таба алмай тіпті дағдарып,
"Айрылдым!" – деп, аңырапты.
– Медет бер менің пірім,– деп,
Айқай салып, сарнапты.
Ақыры тауып бір шұқыр,
"Мұнда ма?" – деп, барлапты.
Жатқанын көріп түбінде,
Шыр айнала шарлапты.
– Ұйықтап жатқан шығар,– деп,
Қаттырақ қадам салмапты.
– Әдепсіздік болар,– деп,
Қасына жақын бармапты.
Ішінен шығып шұңқырдың,
Бірталай адам андапты.
– Мүриттері ме,– деп, – пірімнің,
Көзін тігіп, аңлапты.
Шілтеңдер екен осылар,
Отырған ішіп шарбатты.
Ортаға алып "һу-һулеп",
Зікір айтып маңырапты.
Шарабынан ішкізіп,
Көрсеткен оған әр бапты,
Әулие болып сол жерде,
Құнаның құрымын жалмапты.
Бұрын, соңды байқасаң,
Шын ықылас қылғанның,
Ауырып белі талмапты!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қаңбақ хикаясы өлеңінің авторы кім?

Тұрмағамбет Ізтілеуұлы — осы өлеңнің авторы.

Қаңбақ хикаясы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қаңбақ хикаясы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрмағамбет Ізтілеуұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қаңбақ хикаясы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері