Қамшы – Ескен Елубаев

Бұл бетте «Қамшы» атты Ескен Елубаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 19.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1176
Қолға ұстап көруге,
Қызыққандай бар кiсi.
Iлулi тұр төр үйде
Атасының қамшысы.
Сол қамшыңыз орнында
Кейде жоқ боп шығады.
Бар мəнiсiн оның да
Атасы тез ұғады.
Қар жауады қабақтан,
Ұмытады өңгенi.
Бұл –
Ұлының сабақтан
«Екi» алып келгенi.
Өзi ғана бiледi,
Қанық бала сырына.
Таба алмай жүредi,
Қамшыны да,
Ұлын да.
Құпия көп оңында,
Бар ма, сiрə, айтары.
Қамшы тұрса орнында,
Ата көңiлi жайдары...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері