Қапшағайда – Ескен Елубаев

Бұл бетте «Қапшағайда» атты Ескен Елубаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.09.2021
  • 0
  • 0
  • 963
Үйренем деп малтуды,
Мен уəде бергенмiн.
Атақ-даңқы айтулы
Қапшағайға келгенмiн.
– Ең оңайы емес пе?
Сүңгу деген, тəйiрi? –
Деп қалыппын мен «еспе»,
Бiлмей анық байыбын.
– Ал қараңдар, əзiрлен,
Сағаттарың болса егер,
Сүңгиiн бiр, қазiр мен
Сүңгiр екем қанша жер?
Мөлдiр суға балықша
Жүзiп кету – арманым.
Жүгiрiп кеп барынша
Сүңгiп келiп қалғаным.
Бiтiп қалды құлақ та,
Сүңгiдiм бе өндiртiп.
Ұзадым деп жыраққа,
Шыға келдiм дем бiтiп.
Мəз болып тұр ел күлiп,
Қимай маған мақтауын:
– Тұрды, – дейдi, – көрiнiп
Су бетiнде арт жағың.
Қатырдым деп санасам,
Болыппын мен келеке.
Жаға жаққа қарасам,
Ұзамаппын мен өте...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қапшағайда өлеңінің авторы кім?

Ескен Елубаев — осы өлеңнің авторы.

Қапшағайда өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қапшағайда өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ескен Елубаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қапшағайда өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері