Бұл бетте «Нәпсімменен алыстым» атты Дәулетбек Байтұрсынұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Нәпсімменен алыстым,
Келгенімше қырыққа.
Қанағатым алыс тым,
Қызықпа, басым құнықпа!
Өзімді-өзім тәртіпті
Ете алмадым неткен мұң!
Қызық – құйын қалқытты,
Жар басына жеткен күн.
Сыртым түзу әрине,
Оғаш қылық етпедім.
Ұнасам да пәниге,
Жүрегім кір көп менің.
Бақи жақты ойласам,
Дір-дір етем қалшылдап.
Нәпсім, сені жоймасам,
Кір жан қалай аршылмақ?!
Өтсем-дағы жоламай,
Жамандық пен ішімге,
Дерт бар бойда, обадай,
Барлық пәле ішімде...
Ендігәрі болмасын,
Тоқылдауық тәубесі.
Сабыр болсын жолдасым,
Түссін иман сәулесі!
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі