Жүрегіңде кір бар екен күңгірттеу – Дәулетбек Байтұрсынұлы

Бұл бетте «Жүрегіңде кір бар екен күңгірттеу» атты Дәулетбек Байтұрсынұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.03.2021
  • 0
  • 0
  • 1058
«Діннен өлең бұрын болған» – дейсіз бе?
Шайтан түртіп миға түсті ой сізге.
Әсершілдік қателікке жетелеп,
Басыңыздың қамын ғана жейсіз бе?!
Періштеге құлақ түрсең сабырмен,
Адаспаған болар едің сағыммен.
Жүрегіңде кір бар екен күңгірттеу,
Кетірген жөн «Иман» деген – сабынмен.
Аллаһ бізді хақ дін үшін сомдаған,
Бірінші сөз – «Аллаһ жалғыз» жолдаған.
Сөйте тұра шайтанға ерген бабамыз,
Сынаққа қап, жерге түсіп сорлаған.
Сізге сөйлеп сөз қадірін төкпейін,
«Кешірші» деп Жаратқанға кетті ойым.
– Кім бірінші?
– Дін бірінші! – Алла айтқан.
Өлең деген... Өлең деген көп кейін!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жүрегіңде кір бар екен күңгірттеу өлеңінің авторы кім?

Дәулетбек Байтұрсынұлы — осы өлеңнің авторы.

Жүрегіңде кір бар екен күңгірттеу өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жүрегіңде кір бар екен күңгірттеу өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Дәулетбек Байтұрсынұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жүрегіңде кір бар екен күңгірттеу өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері