Өмір - елес, елеске алданамын – Айсұлу Рүстемова‎

Бұл бетте «Өмір - елес, елеске алданамын» атты Айсұлу Рүстемова‎ жазған өмір туралы өлең берілген.

  • 25.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2253
Өмір - елес, елеске алданамын.
Алданбасқа айтсаңшы, бар ма амалым?
Суға кеткен адамдай, өлеңім -тал,
Жағаға шығарар деп қарманамын.
Көзің нұры тіледім өшпегенін.
Бағасын білмеппін-ау ештеңенің.
Өңімде бір орнымнан қозғала алмай,
Түсімде неге ылғи көш көремін?..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері