Жетік екен есепке – Ескен Елубаев

Бұл бетте «Жетік екен есепке» атты Ескен Елубаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 19.09.2021
  • 0
  • 0
  • 731
Əкесi ұзақ сапардан
Қайтып, үйде отырды.
Сұрады ұлы Қапардан:
– Қалай, жайы оқудың?
Тексергем жоқ мен көптен,
Бiлейiн де сырыңды,
«Үшiң» көп пе,
«Төрт» көп пе,
Жасырма, айт шыныңды...
Қапар айтты еркiн кеп,
Есепке алғыр батыр ғой:
– Əрине, «үштен»
«Төрттiң» көп,
Бiр санға артық жатыр ғой.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері