Өлең, жыр, ақындар

Дәл осы кез

  • 08.04.2022
  • 0
  • 0
  • 645
Келеді ұлы Жерім жолда солай,
Өмірге бақыт деген қонбас оңай.
Тынымсыз еңбек еткен қаншама адам,
Дәл осы кез жұмыстан қол босамай.
Таңыммен бірге күліп жарқын атқан,
Дәл осы кез дариялар шалқып аққан.
Ағызып болатшылар маңдай терін,
Заводта темір-шойын балқып аққан.
Адамға серік болар жолдас үміт,
Көңілде гүлдеп жатса солмас үміт.
Дәл осы кез ғарышкерді дайындықта,
Күтіп тұр космодром, жолда асығып.
Дәл осы кез шопан жүр сырын айтып,
Сырласып, даласымен гүлі ұнайтын.
Өмірге келіп жатыр дәл осы кез,
Естіртіп бір нәресте үнін айқын.
Жүр осы кез, жылқышы қамшыны алып,
Жүр маман дәрі жасап тамшыны алып.
Толғатып отыр бүгін өмір жайлы,
Бір жүрек дәл осы кез ән шығарып.
Кең байтақ кез болса деп қас-қағымда,
Геолог жүр таулы шыңның асқарында.
Барады дәл осы кез жері алыстап,
Бір ұшқыш ақша бұлтты аспанында.
Сақшылар қауіп деген сырға қанық,
Шекара күзетінде тұрғаны анық.
Өзіне-өзі сенбей дәл осы кез,
Бір ғалым тауып ашқан бір жаңалық!
Өмір — өзен арналы бойлап аққан,
Жағасында сәбилер ойнап жатқан.
Елімнің басшылары осы сәтте,
Халқының тағдыры үшін ойға батқан!
Дәл осы кез ғажайып, нелер қызық,
Сәбилер де түстерін көреді үзік.
Толқында теңіз-мұхит айдынында,
Барады дәл осы кез кеме жүзіп.
Еңбекпен туған тұңғыш Адам аты,
Таусылмас дүниенің шапағаты.
Бір жүрек болды ғашық дәл осы кез,
Оянып өмірде алғаш махаббаты.
Жасама, жасай көрме сенімге иттік,
Тірлік құйын үйірілер көңілде ұйтқып.
Дәл осы кез барады Жер айналып,
Дәл осы кез барады Өмір жүйткіп!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бірге оянып бозала таңымменен

  • 0
  • 0

Бірге оянып бозала таңымменен,
Сапарға тартқан алыс жаным — кемем.
Астанада біз болдық май айында,
Бұл айдың ежелгі аты — Мамыр деген.

Толық

Әке. Он бала. Ажал

  • 0
  • 0

Ажалға төте келген бар ма амалы,
Бұзылып қарсы салған сан қамалы.
Төсекте жатыр Адам әл үстінде,
Әке еді ол, өрісі кең он балалы.

Толық

Күн мен түн

  • 0
  • 0

Қуандық та қайғы алып,
Жаста болдық жайнадық,
Түнмен жолдас болдым мен,
Күнім досқа айналып.

Толық

Қарап көріңіз