Өлең, жыр, ақындар

Ұстазға арнау

Армысың елім , бейбітпен атқан әр таңы,
Ұстазым менің, қадірің аса бағалы .
Ақ жолға бастар осынау игі іс-шараны
Жүрекпен түсін ,халықтың бізде назары.

Ұстаздар ұлық, білімнің нәрін шашады ,
Шәкірті үшін отқа да түсе де алады .
Шамшырағын жағушы ұлы даламның,
Игі істерің жүректе мәңгі қалады.

Ұстаз , ол – Күн, көктен нұрын шашады,
Білімді ұрпақ өсіріп, бағып- қағады.
Ұстаз, ол- ерте Таңшолпан болып ататын,
Шәкірттеріне болашақ ақ жол салатын.

Ұстаз ,ол- мұхит ,шалқыған теңіз дария,
Қастерлер оны жас та, үлкен абыз қария.
Дамыл бір таппай, ізденіп мәңгі жүретін
Ғылымда ойы ,ұстазды сыйлап бағала .

Ұстазым диқан,тігінші,малшы,дәрігер,
Егінші, аспаз,косманавт,ғалым,кондитер
Барлық маманды дайындап елге беретін,
Ей, адамзат ,ұстазға төрден орын бер.

Жүрегі нәзік , балаларының бағбаны ,
Ұстазсыз өмір - сұрықсыз түнек ,қаһарлы .
Кесе өтпей жолын ізет қыл, тақтан таймайсың,
Көлеңкесінің өзі де аса бағалы .

Ұстазы менің,жарқырап шыққан жұлдызсың,
Қол жетпес жұлдыз ,жаныңда сенің құлпырдым .
Бастауындай мөлдіреп аққан бұлақтың
Кәусар суына шомылып әркез мен жүрмін.

Шыңдарға шықса жарқырап елдің баласы
Ең алғаш болып қуанар ұстаз қауымы.
Береке-бірлік ,ынтымақ тілеп жүретін ,
Ұстаздар - ұлы ,тұғыры биік нар тұлға .

Ұстазды сыйла ,қоғамның ұлы ұйытқысы ,
Шәкірті үшін еңбекпен өтер әр күні .
Шаршайды кейде майданнан қайтқан сарбаздай ,
Жұмысы қиын , инемен құдық қазғандай.

Жақсылықтың жаршысы болып бүгінгі ,
Қунаыш сыйлар жарысқа түстік көңілді .
Киелі мектеп айқара ашып есігін ,
Бағытқа салды , айқындап жарқын өмірді.

Сәті де жетті, ұлықтау ұлы ұстазды,
Ұстазсыз бар ма өмірдің нұры, ажары?!
Ұстазым менің екінші анам іспетті,
Ақкөңіл ана - мектептің дарқан базары.

Қазыналы Қазалы – менің мекенім ,
Тал шыбық едім , ұстазыммен көктедім.
Мың алғыс айтам, ұстазым менің мерейлі,
Бас иемін, барша ұстазым киелі!



Пікірлер (1)

Наз

Дым ұйқас емес ұстаз ол ұстаз ол деп

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар