Бір ел бар – Шөмішбай Сариев

Бұл бетте «Бір ел бар» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 08.04.2022
  • 0
  • 0
  • 1138
Сөйлейді тілден бал тама,
Өмірі тәтті — түгел бал.
Әлемдік ұлы картаға
Түспеген әлі бір ел бар!
Бір әлем бар таныған,
Кезіге бермес, кезіге.
Байқамай өткен жанынан,
Колумбаның өзі де!
Өмірден алған өзегін,
Бәрі де бірдей бақытты.
Бақыттан сезбес өз елін,
Бақыттан сезбес Уақытты!
Бір ел бар сондай ертегі,
Жер жаһанда жүр үні.
Белгісіз бірақ ертеңі,
Бақытты бірақ бүгіні!
Сол жерге қарап нәр алдық,
Жүрегі кейде мұңды ұққан.
Ұлы бір заңы — Адалдық,
Тұла бойы тұнған Шындықтан!
Жан жолдасым — жақұтым,
Атын ерттеп Өлеңнің.
Қорғасам деймін Бақытын,
Қаймағын бұзбай сол елдің!
Сол елді мәңгі Отан ғып,
Шекара етсек бар халық.
Сол елді мәңгі Отан ғып,
Қорғаймын қаруқолға алып!..
Сөйлейді тілден бал тама,
Сөзі де тәтті — түгел бал,
Түспеген әлі картаға
Балалық атты бір ел бар!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері