Тазалық

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 25.04.2019
  • 0
  • 1
  • 10677
Сыпырғыш aп сыбанып,
Шаң-тозаңды қудым кеп.
Шүберек ап, су алып,
Сырлы еденді жудым кеп.
Бір дақ таппай бөлмеден,
Әне, күліп тұр әпкем.
Жалтырайды сырлы еден
Сылағандай лакпен.
Бір жалған жоқ сөзімде,
Еден айна сияқты.
Үйге енді өзім де
Сүртіп кірем аяқты.


Пікірлер (1)

Каусар

Мен

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тазалық өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Тазалық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Тазалық өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тазалық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері