Бұл бетте «Сағыныш» атты Айсұлу Рүстемова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Күрсінісіп тікені, изендері,
Көріне ме көн кеуіп, күйзелгені?
Көш барады ботадан ұзағырақ,
Адаса ма, сол бота із көрмеді.
Түйежапырақ таңданған, пейіліменен
Сағымынан жұтады сейілмеген.
Шағыл-шағыл емес-ті, сағыныш-ты,
Алыс қалған арман-ды кейін менен.
Тұр ма әлі тақырға тамшы тамбай?
Бұлт аунаса бақытқа малшынардай,
...Шегенделген құдықта қалған су бар,
«Жамантұзда» жамандық таусылар ма-ай?*
*Қарақұмда «Жамантұз» деген жер бар еді,
сол жерде ылғи бір жаман жағдайлар
болады деп ел қондырмайтын.
Болат
жақсі өлеңдер көргім келеді