Аялаумен ақ келбетін арманның – Хамит Есеман

Бұл бетте «Аялаумен ақ келбетін арманның» атты Хамит Есеман жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.09.2021
  • 0
  • 0
  • 472
Аялаумен ақ келбетін арманның,
Жүрегіңе жүрек болып жалғандым.
Сезіміңнің саусағына сүйріктей,
Жарқыраған жырдан жүзік салғанмын.
Күлліәлемдік жалғыз ғана еркем ең,
Күй жараттым сезімімді шерте мен.
Жанарыңда жұлдыз болғым келеді,
Жиырмамда жүрегімді өртеген.
Ақ білегің...Тәтті лебің өзгеше,
Ақын ақын болмас оны сезбесе.
Өлең шіркін сұлулыққа құштар ғой,
Құралайды қағып түсер көздесе.
Аллам өзі құт дарытқан мүсінге,
Ынтығамын өңім түгіл, түсімде.
Сол сәтте де жырдан жүзік сыйлаймын,
Маңдайыңа жазылуым үшін де.
Жүрсің солай маған сезім мол артып,
Сені құшсам құшағыма қонар құт.
Жүрегіңе жырдан жүзік сыйладым,
Соны ендеше алмағайсың жоғалтып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Аялаумен ақ келбетін арманның өлеңінің авторы кім?

Хамит Есеман — осы өлеңнің авторы.

Аялаумен ақ келбетін арманның өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Аялаумен ақ келбетін арманның өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Хамит Есеман өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Аялаумен ақ келбетін арманның өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері