Естен бәлкім кетпейсің – Қасымхан Бегманов

Бұл бетте «Естен бәлкім кетпейсің» атты Қасымхан Бегманов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 20.09.2021
  • 1
  • 0
  • 818
Естен бәлкім кетпейсің,
Қалмас тіпті елесің.
Жалғыз туып көктейсің,
Жалғыз жатып өлесің.
Ешкім бірге өлмейді,
Жаны ашысын, жыласын.
Топырақта тербейді,
Тастан қарап тұрасың.
Жан - жарыңа өртеніп,
Үздіге тіл қатасың.
Кім біледі ерте өліп,
Бір жотада жатасың.
Арамдыққа жолама,
Түре көрме іргесін.
Көк шөп емес молаңа,
Тікен шығып жүрмесін.
Айналайын жақсылар,
Аманатын тапсырар.
Қара таспен бастырар,
Қара көзде жас тұрар.
Еске бәрі түсті ме,
Ана жолмен өтпедің.
Көктеп шығар үстіңе,
Басып кеткен шөптерің.
Бәрі бастан өтті ме,
Келеді кез шешетін.
Абайлап бас шөпті де,
Түбі үстіңе өсетін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері