Ана жон жанушырып қаскыр қашқан – Қасымхан Бегманов

Бұл бетте «Ана жон жанушырып қаскыр қашқан» атты Қасымхан Бегманов жазған ана туралы өлең берілген.

  • 20.09.2021
  • 0
  • 0
  • 658
Ана жон жанушырып қаскыр қашқан,
Іздерін топ аттыға бастырмастан.
Жалт беріп сол бөрідей нуға сіңген,
Ол күндер көзден ұшты -ау таптырмастан.
Тазылы аңшыларға таптырмастан,
Қайқаң ғой ана жылы қасқыр қашқан.
Қос өзен төмен қарай құлай аққан,
Жанардай төмен аққан жас тұрмастан.
Ерке өзен сескенген ем ағысыңнан,
Қылаң ат қуат алғам шабысыңнан.
Егінге түсіп кеткен қозы-лақты,
Жүгіріп қайтарам деп жанұшырғам!
Қаңғитын шығарып ап үйін де естен,
Қабағы бар-жоғыңа түйілместен.
Кезеңнің аңшылары қаумалаған,
Қасымхан сол қасқырдың күйін кешкен.
Ешкімге аласарып кішірмеген,
Еңсесін ешқашанда түсірмеген.
Қу жанын қайда апарып жасырады,
Жатырлас бауыры да түсінбеген.
Бағатын әлдекімнің қабағын-ай,
Қағатын домыраның сағағын-ай.
Күніндей қарашаның бұлт айдаған,
Қайтейін мың құбылған заманым-ай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері