Бейіт басында – Қасымхан Бегманов

Бұл бетте «Бейіт басында» атты Қасымхан Бегманов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 21.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1102
Маңдайыма сезбеппiн сыймасын-ай,
Сөз қадiрiн сезiнген,
сыйласым-ай.
Қоңыр кеште мен сенi есiме алдым,
Суық қырда қап қойған, қимасым-ай.
Топырақты лақтырып,
құрбым-ау тұр,
Жалбарындым,
тұрмадың,
тұрдым-ау тұл.
Менiменен қосыла құлазыды,
Iшке тартқан өксiгiн мұңдылау қыр.
Мұңдылау қыр...
жеттi ендi сабырсыз дер,
Тұлпарлардың байлайтын бағын сiздер.
Қатпарланған қайғымды көтерiстiң,
Қара суық жалаған сағымсыз бел.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері