Ажарың толған ақ айдай жаным – Қасымхан Бегманов

Бұл бетте «Ажарың толған ақ айдай жаным» атты Қасымхан Бегманов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.09.2021
  • 0
  • 0
  • 762
Ажарың толған ақ айдай жаным,
қастарың садақ керiлген,
Батылым барып сүйе алмай кеткем,
шиедей тәттi ерiннен.
Еркелей басқан күллi ғаламға,
ғаламат сол бiр сәттегi,
Сурет бейнеңдi көкiрегiме түсiрiп алғам сенiң мен.
Шөптердiң иiсiн аңқытып
кеште ақ самал соқса алқаптан,
Ойладым сенi,
бұрымдарыңды арқаңа қарай тарқатқан.
Өкпелеп iштей ақырын ғана
алыстап кеткен жылдарға,
Бозбалаларға егiле қарап тұрамын балдай жар тапқан.
Ақ қанат байлап
ақ тамақ жырым өзiңе қарай асығар,
Ақ жаңбыр болып көзiмнiң жасы
ақша жүзiңе шашырар.
Тебiренiп үнсiз,
күрсiнер сосын осынау аппақ сезiмге,
Ертектегiдей ақ махаббатқа түбiнде бұл ел бас ұрар.
Алатау жаққа қарадым, қалқам,
қиялмен iздеп неше мен,
Сандалып сосын келе жатамын
адамдар аққан көшемен.
Махаббатымды қалдырғым келмей
отырам көзiм боталап,
Ағаларымды есiме ап ерте арқасын «жерге» төсеген.
Жаз кетiп ертең,
сағыныш болып келсе де қоңыр күз мейлi.
Ақ қағаздарға кемшiлiгiмдi
дұшпандарым да тiзбейдi.
Жатармын жым-жырт,
қалдырып артта жабырқау,
жадау жылдарды,
Емiренiп сонда, сәл кештеу бiрақ туған жер менi iздейдi.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ажарың толған ақ айдай жаным өлеңінің авторы кім?

Қасымхан Бегманов — осы өлеңнің авторы.

Ажарың толған ақ айдай жаным өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ажарың толған ақ айдай жаным өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қасымхан Бегманов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ажарың толған ақ айдай жаным өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері