Өлең, жыр, ақындар

Туған жерден iздеп келген Айнұрдың

  • 21.09.2021
  • 0
  • 0
  • 631
Туған жерден iздеп келген Айнұрдың,
Айдай сұлу жүзiн көрiп қайғырдым.
Жас аруды
қара өлеңге қимадым,
Жолдарында қалар екен қай жырдың.
Арпалыспен өткен асау тағдырым,
Алматының көшесiнде қаңғыдым.
Сағындым мен
Түркiстанның сол қызын,
Сағындым мен Бабайқорған жаңбырын.
Жырға ғашық қыратта өскен елiктiң,
Көздерiнен сәулелi ойлар көрiппiн.
Қалған ғұмыр
сол суреттi жырлайды,
Ләйладайын асыл туған көрiктiм.
Бiр күн тәттi,
өтiп жатқан бiр күннен,
Сол қызды ойлап алыс жақта жүрдiм мен.
Қырық жамау
жүрегiммен,
қалқам-ау,
Ең соңғы рет ғашық болып тұрмын мен.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Неге алыстап кеттiңдер сол бiр жылдар-ай

  • 0
  • 0

Неге алыстап кеттiңдер сол бiр жылдар-ай,
Жүрегiмнен төгiлген жаңбыр жырлар-ай.
Көзiмдi iлместен армандап бiрге,
Таң атқанша шертiлген мөлдiр сырлар-ай.

Толық

Замандасым, сырласым

  • 0
  • 0

Замандасым,
сырласым,
мектептесiм,
Әрбiр сағат,

Толық

Сыр жасырды Тұрымбеттен қалған бау

  • 0
  • 0

Сыр жасырды Тұрымбеттен қалған бау,
Еңсені езді шемен болып қалған дау.
Ақылды боп көрінгім кеп тұрғанмен,
Сол баяғы Қасымың ем аңғалдау.

Толық