Қалжырағам бiр ойдан соң бiр ойдан – Қасымхан Бегманов

Бұл бетте «Қалжырағам бiр ойдан соң бiр ойдан» атты Қасымхан Бегманов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 21.09.2021
  • 0
  • 0
  • 663
Қалжырағам бiр ойдан соң бiр ойдан,
Алданған соң
жалған жылы шырайдан,
Ұмыттыңдар арманы асқақ ақынды,
Өлең үшiн елден кеткен, мұңайған.
Өлең үшiн елден кеттiм, сарсылдым,
Түбiне мен
жетемiн деп бар сырдың.
Қара өлеңге деген махаббат,
Қабырғама шаншу болып шаншылдың.
Жаңбырлар-ай, себелеген, төгiлген,
Өлең үшiн
елден кеткем, егiлгем.
Мiне, бүгiн отыз беске толдым мен,
Түбi жақсы болар деген сенiммен.
Бiреулерге ұнамаған-ұнаған,
Менi қойшы,
қайран жырым жүр аман.
Неге екенiн әлi өзiм де бiлмеймiн,
Өлең үшiн елден кеткем, жылағам.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері