Жауғанда жаңбыр – Қасымхан Бегманов

Бұл бетте «Жауғанда жаңбыр» атты Қасымхан Бегманов жазған табиғат туралы өлең берілген.

  • 21.09.2021
  • 0
  • 0
  • 730
Жауғанда жаңбыр
бетіне жердің бір күні,
Қыратқа, қалқам, құлпырып шығар қыр гүлі.
Отыз бес жылдық
сағынышымды арқалап,
Жетермін саған Бабайқорған мен Үлгілі.
Жауады жаңбыр,
өтеді шөпке себелеп,
Қонады гүлге қанаты сулы көбелек.
Бабайқорған мен Үлгілі жақта той өтер,
Ол тойда бірақ, болмаспыз біздер не керек.
Ыстық қой маған
жусанды анау қыратың,
Барсам да қайда көңілден шықпай тұратын.
Бабайқорған мен Үлгілі жақтан басталған,
Сан ғасырларға созылар асыл мұратым.
Жауады жаңбыр
бетіне жердің бір күні,
Баяғы қыздай құлпырар сонда қыр гүлі.
Отыз бес жылдық
сағынышымды арқалап,
Оралам саған Бабайқорған мен Үлгілі.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері