Сезімім жанымды толқытса беймаза – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Сезімім жанымды толқытса беймаза» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 22.09.2021
  • 0
  • 0
  • 809
Сезімім жанымды толқытса беймаза,
Серпілем ойыма жеңдіріп.
Қиялым – көлігім, көңілім – кең дала,
Келемін суыт жол жүріп.
Жолаушы жайым бар, бет алдым – түу алыс,
Сапарды жөргектен бастадым.
Жаныма жұбаныш – бақыт пен қуаныш,
Жыл-жолды артыма тастадым.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері