Жұлқынып жүйрік сынды кермедегі – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Жұлқынып жүйрік сынды кермедегі» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 22.09.2021
  • 0
  • 0
  • 955
Жұлқынып жүйрік сынды кермедегі,
Жүрегім жетеледі өрге мені.
Көрінген қиуадан кер маралым,
Қай күні қамшы салым кез келеді?
Жаз шықса тізгінімді желге берем,
Жасанған жайлауыма мен жөнелем.
Тарқатып талайғы бір құмарымды,
Тасындай диірменнің дөңгеленем.
Тоғысып, тізгін бермей бар бұлағым,
Алыста әсем саз боп жаңғырамын.
Көк аспан көкірегінен сыр тыңдаймын,
Жастыққа тимей түнде жар құлағым.
Көрінген көктей өтіп көк белдерден,
Кезігем қызуы мол көктемдермен.
Арманның аққуы боп алысқа ұшам,
Арқалап үміттерді өткелдерден.
Жалында жүйткуменен сәйгүліктің,
Жанында жарқылдадым сал жігіттің.
Бесігін тербетумен тентек ойдың,
Көзінен өттім ойып сан жүзіктің.
Құйғытса қырларымда құлан-ойлар,
Мен оны құмартумен қуам айлар.
Құйса екен күркіреген өзендерге
Бұлқынған кеудемдегі бұла қайнар.

1972


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері