Сәулем, неге теріс қарап отырдың
Бұл бетте «Сәулем, неге теріс қарап отырдың» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сәулем, неге теріс қарап отырдың,
Жүрегіңнің өшірді екен отын кім?
Бұрынғыдан алшақ тартып арамыз,
Бұйығы бір күйге түсіп барамыз.
Бозарғандай бақтар үнсіз, гүл өңсіз,
Жапырақтар да жабырқайды реңсіз.
Талдар бізге назар салып қарамай,
Желпінбейді желік басты қарағай.
Мына дүние мұңға батып соншалық,
Айналамыз тынып қапты томсарып.
Көз жасыңды көл ғып кенет жыласаң,
Маған ауыр тиер еді-ау орасан.
Онан-дағы өрт боп жансаң сен егер,
Дауыл болып соғамын мен, сене бер!
1972
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі