Ойлар, ойлар ортаға ап қамалады – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Ойлар, ойлар ортаға ап қамалады» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 22.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1175
Ойлар, ойлар ортаға ап қамалады,
Ойсыз жандар опық жеп қалады әлі.
Көкірегімді қыздырып, жүрегіме
Күннің қызыл кірпігі қадалады.
Күн нұрымен өсімдік бой алады,
Күн нұрымен күллі әлем боянады.
Күнмен бірге батқандар тәтті ұйқыға
Күнмен бірге күлімдеп оянады.
Күн жазады құрысқан жер арқасын,
Күн жалғайды үзілген жол ортасын.
Күнің бітсе – біткені тынысыңның,
Өзіңді де өзгені жоғалтасың.
Қазір күнім тұрғанда тас төбемде,
Тас боп қатса тағдырым жас төгем бе?..
Көңілімде қаз қонып, үйрек ұшар,
Көктем иісі бұрқырап жас денемде.

1975


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері