Өлең, жыр, ақындар

Іргем бүтін тұрғанда...

  • 23.09.2021
  • 0
  • 0
  • 712
Байтақ елмін басынан сөз аспаған,
Өз өлеңім өзіме – өз астанам!
Илеуіңе қашанғы көне берер
Қазақ жыры зорлықтан көз ашпаған?!
Ақындарды өткізіп өткелектен,
Кім бар дейсің төбесі көкке жеткен?
Жыр деген – бір жүректің періштесі,
Періштені оңған ба өкпелеткен?
Ойларымның бет-жүзін аламайлап,
Құйрығына жіберме шала байлап.
Іргем бүтін тұрғанда іріткі салып,
Үркіткенің орынсыз жарамайды-ақ!
Арманымды, ағайын, түсін менің,
Өңімдегім осы ғой, түсімдегім.
Небір қымбат түспеді мына қолдан,
Жырды ғана аялап түсірмедім.
Жырым менің – мұңдасым, сырласым да,
Көз жасым бар мөп-мөлдір тұнбасында.
Бір басында ол тұрса таразының,
Ал тағдырым тұрады бір басында!..

1980



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қора толды...

  • 0
  • 0

Қора толды шартық пенен шатаға,
Қыста туған арамзаны атама!
Қотан жұтап – қозы ермеді саулыққа,
Қошқар біткен қырылғандай, о, тоба!

Толық

Клара жеңгейге арналған жыр

  • 0
  • 0

Жігіттің адал болса асыл жары –
Бақыты маңдайының ашылғаны.
Мінеки, елу жылға жуықтады,
Жарқырап екі жақсы қосылғалы.

Толық

Отан

  • 0
  • 10

Біздер үшін Отан жалғыз, Ту жалғыз,
Қорғамасақ несін ұл боп туғанбыз?!
Кіндігіміз тар қапаста кесіліп,
Ит көйлекті қанды жаспен жуғанбыз.

Толық

Қарап көріңіз