Біздің ауыл – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Біздің ауыл» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 24.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1351
Біздің ауыл бүркіттің ұясындай,
Тарбағатай тауының қиясында.
Қыран қонар тектұрды қасиетті
Шәуқарғаға шулаған қиясың ба?
Найза ұшына тұратын төсін тіреп,
Қайран мекен жатыр-ау жетімсіреп.
Бақыт құсы бір ұшып кеткеннен соң,
Қонбайды екен айналып екінші рет.
Қапталы мұз бұл таудың, өңірі қар,
Екіталай арбасқан өмірі бар.
Ата-баба сүйегі жатқан жерде
Әлдекімнің, япыр-ау, не құны бар?
Шүршіт те алған бұл тауды, қалмақ та алған,
Тағдыр солай мойнына салмақ салған.
Тарбағатай аумайды мүгедектен,
Денесінің жартысы сал боп қалған.
Сан заманның бұл таудан бұлты көшкен,
Ес білген ел шығармас жұртын естен.
Қалың қазақ ежелден еркін жайлап,
Көкпар тартып, той тойлап дүркірескен.
Онда ізі бар бабамның тұлпарының,
Естігенмін шыңынан сұңқар үнін.
Күрсінеді күңірене көкірегі,
Іздей ме екен байғұсым іңкәр ұлын?
Ауық-ауық тұрады жылап алып,
Бір қуарып самайы, бір ағарып.
Ел қайғысын қара жер тартады екен,
Жер қайғысын сезер ме мына халық?..

1980


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Біздің ауыл өлеңінің авторы кім?

Несіпбек Айтұлы — осы өлеңнің авторы.

Біздің ауыл өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Біздің ауыл өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Несіпбек Айтұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Біздің ауыл өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері