Есіңде ме?

Бұл бетте «Есіңде ме?» атты Несіпбек Айтұлы жазған өмір туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 24.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1632
Жаз күркесін күз келіп жығар әлі,
Өрекпумен өзендей жыл ағады.
Шағаласын шақырып шалғай кеткен,
Көлдерім тұр көзімде жылағалы.
Жайлау үсті.
Сонау бір жырадағы,
Құлағыңда жүр ме әлі бұлақ әні?
Кірпігіңе ілініп жұлдыз тамшы,
Шақ тұрдың-ау сен сонда жылағалы.
Қарауытып, көрінбей ауыл маңы,
Қоңыр түннің көрпесі қалыңдады.
Тұрдым мен де ұмытып дүниені,
Есіл-дертім сенде боп жанымдағы.
Ым қаққандай
Жұлдыздар жымыңдаған,
Сырласқандай
Шегіртке шырылдаған.
Кереметін көрсетпей келіпті ғой
Мына тұрған табиғат бұрын маған.
Жанарыңа жанарды тұрдым қадап,
Езу тартып, жай ғана күлдің замат.
Қызғанды ма,
Жүзіңді көлегейлеп,
Бүркей берді қара түн тұнжыр қабақ.
Ойхой, дүние!
Ол дәурен қайда маған?!
Өтеді өмір біртіндеп майдалаған.
Қызғанып ем сол сәтте мен өзіңді
Таудан-тастан,
Тоғайдан,
Айдаладан...
Біле алмаймын, бұл күнде жүрмін қалай?
Жастық құсы сайрамай, жыр жырламай?
Көрген түстей көшеді көз алдымнан,
Өткен өмір тұра ма бұлдырламай?
Қызғалдақтай үлбіреп құмға шыққан,
Тұрушы едің шақырып тым қашықтан.
Жұтып жастық сусынын бір кеседен,
Татып едік балын да бір қасықтан.
Есіңде ме
Сол бір түн – Қасқа бұлақ,
Секілді еді секіріп қашқан лақ.
Қасқа бұлақ
Ойыма оралғанда,
Жанарымды аламын жасқа бұлап...

1980


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Есіңде ме? өлеңінің авторы кім?

Несіпбек Айтұлы — осы өлеңнің авторы.

Есіңде ме? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Есіңде ме? өлеңі не туралы?

Бұл шығарма өмір туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Есіңде ме? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері