Түнгі тыныштық

Бұл бетте «Түнгі тыныштық» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 24.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1150
Қап-қара қою түн еді,
Абалап төбет үреді.
Ауылдың маңын торыған
Ит-құстың барын біледі,
Сондықтан, бәлкім, үреді...
Ғажап-ау түннің реңі,
Таусылмас айтса жыр еді.
Сулығы аттың сылдырап,
Іргеде бұлақ күледі.
Ауасы неткен жағымды,
Ошақта алау жағылды.
Сағындым осы жалынды,
Бөлейтін нұрға жанымды.
Маужырап, балқып тұр маңай,
Сырғадай анау – туған ай.
Сау етіп жерге түсердей,
Жұлдыздар толқып тұрғаны-ай!
Аспанның мөлдір шарасы
Толғандай нұрға, қарашы!..
Тұтасып кеткен түн қандай
Көк пенен жердің арасы.
Қар
ауытты, әне, құба тал,
Қамығып барсам жұбатар.
Өмір-ай, шіркін, өтпелі,
Қуантып бірде жылатар.
Тербеліп тұр-ау ол мұнда,
Баяғы қалпы орнында.
Ұмытты, бәлкім...
Қасында
Болмадым ба әлде болдым ба?!.
Ал оған уақыт не қылар,
Жыл сайын желек жамылар.
Мен бе екен жалғыз осынау
Құба бір талды сағынар?
Менен де басқа табылар...
Мақпалдай қара реңі,
Жібектей жұмсақ түн еді.
Тыныштық, неткен тәтті едің,
Тек қана төбет үреді.
Қойлар ғой қасқыр ермегі,
Төбетті бұйым көрмеді.
Оқтады шопан мылтығын,
Атпасқа ерік бермеді.
Гүрс етті дауыс ұңғыдан,
Сілкіне шошып тұрды маң.
Ұңғылар емес пе ос
ы
Талайдың басын қылғыған.
Селк етті тау да, қырат та,
Селк етті өзен, бұлақ та.
Селк етті тал да, құрақ та,
Селк етті қозы-лақ та...
Күзеткен жақсы-ау,
Бірақ та...
Зу еткен оқтың ызыңы
Түрпідей тиді құлаққа...
Түрпідей тиді құлаққа...

1980


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Түнгі тыныштық өлеңінің авторы кім?

Несіпбек Айтұлы — осы өлеңнің авторы.

Түнгі тыныштық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Түнгі тыныштық өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Несіпбек Айтұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Түнгі тыныштық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері