Адресі бар өлең – Айтқали Нәріков‎

Бұл бетте «Адресі бар өлең» атты Айтқали Нәріков‎ жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 26.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2560
Құрметтісі болмадым деп баршаның,
Қарап жүріп, өз-өзіңнен шаршадың.
Ел көзіне еленбей-ақ қойдым деп,
Қабағыңа ұялаттың қанша мұң.
Тауға соқтың, тасқа соқтың басыңды,
Отыз жаста қырау шалды шашыңды.
Есіл-дертің өз жайыңды күйттеу боп,
Досты азайтып, көбейтіпсің қасыңды.
Қайда барсаң, өз-өзіңді көтеріп,
Шығасың сен ауызыңмен от өріп.
Кеудемсоқты халық бірден байқайды,
Алақанға салсын қалай жеке қып?!.
He десең де біздің халық қырағы,
Безбен басын теңдеп ұстап тұрады.
Әр адамға өзіне сай бәс беріп,
Еш уақытта қалт кетпеген сынағы!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Адресі бар өлең өлеңінің авторы кім?

Айтқали Нәріков‎ — осы өлеңнің авторы.

Адресі бар өлең өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Адресі бар өлең өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Адресі бар өлең өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері