Аспанды аңсау – Айнұр Төлеу

Бұл бетте «Аспанды аңсау» атты Айнұр Төлеу жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 25.09.2021
  • 0
  • 0
  • 793
Төңкерілген қазан сынды теріс қып,
Аспанымды аңсадым.
Бал мен уын жер бетінің бөлістік,
Ал мен бүгін у ішкеннен шаршадым.
Қызық екен мекендестер, жер деген,
Неге бізге бір жола,
Өлетін у бермеген?!
Бұл мекенде күн де жоқ қой,
Бірақ сенсің ең ыстық!
Саған қатты ұнайды,
Қол ұстасып жүре алмайтын кеңістік!
Ұнайды ғой,
Саған осы жер-мекен.
Алыс жақтан айға сырды
Отырасың ақтарып,
Мен жайында жерлесіңе
Айта алмайсың, шаттанып!
Ей, ғизатым!
Миллиардтардың бөлшегі!
Жалғыздығын жұлдыз санап жұбатқан,
Түсініксіз сендер жақтың өлшемі.
Соның үшін бәлкім сені ұнатқам,
Соның үшін жақсы көрем мен сені!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері