Жапырақ-хат – Айнұр Төлеу

Бұл бетте «Жапырақ-хат» атты Айнұр Төлеу жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 25.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1138
Хат жазып едім ғой,
Жапырақ бетіне,
Жанымның жап-жасыл шақтарын.
Бұтақтан түсетін сетінеп,
Сөзімді сен бірақ таппадың!
Мазалап сені де жиі мұң,
Қураған хаттарға қарадың,
Кейідің!
Алдыңа үзіліп түсетін,
Осы еді жапырақ кейібім.
Бір сөзі оқылмай жазбаша пікірдің,
Қамсыз-ақ хаттарды сыпырдың.
Желменен желп етіп алдыңа құлаған,
Жанымның сөздерін өртедің,
Бітірдің!
Күз болып кетеді,
Тізгінін тартқызбай жирен күн,
Уақыттың алдында ұялдым,
Имендім!
Соқтасы шықпайтын солқылдақ күйімді,
Осылай хат қылып жазуды үйрендім!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері