Аға аузынан

Бұл бетте «Аға аузынан» атты Айтқали Нәріков‎ жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 26.11.2015
  • 0
  • 0
  • 1827
Аязға қызылшұнақ қарамай-ақ,
Кезінде жүрдік біздер жалаңаяқ.
Жүдеу өң, жүзі сынық бала көрсем,
Бұл күні шын көңілмен қалам аяп.
Қоңсы боп қона алмаймын өктемдікпен,
Іздеймін орнымды мен тек теңдіктен.
Ешкімге әлсіздерді қорлатпаймын,
Барлығы өз басымнан өткендіктен.
Жүрегім ақ арайға ұқсады да,
Кернелді көкірегім күш-ағынға.
Әлемнің бар ақ ниет адамдары,
Сыйып-ақ кететіндей құшағыма!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Аға аузынан өлеңінің авторы кім?

Айтқали Нәріков‎ — осы өлеңнің авторы.

Аға аузынан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Аға аузынан өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтқали Нәріков‎ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Аға аузынан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері