Аға аузынан – Айтқали Нәріков‎

Бұл бетте «Аға аузынан» атты Айтқали Нәріков‎ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 26.11.2015
  • 0
  • 0
  • 1887
Аязға қызылшұнақ қарамай-ақ,
Кезінде жүрдік біздер жалаңаяқ.
Жүдеу өң, жүзі сынық бала көрсем,
Бұл күні шын көңілмен қалам аяп.
Қоңсы боп қона алмаймын өктемдікпен,
Іздеймін орнымды мен тек теңдіктен.
Ешкімге әлсіздерді қорлатпаймын,
Барлығы өз басымнан өткендіктен.
Жүрегім ақ арайға ұқсады да,
Кернелді көкірегім күш-ағынға.
Әлемнің бар ақ ниет адамдары,
Сыйып-ақ кететіндей құшағыма!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері