Үнсіздік – Айнұр Төлеу

Бұл бетте «Үнсіздік» атты Айнұр Төлеу жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 25.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1017
Байқадым
Қоштасқың келмеді,
Күрсінткен беймәлім шер ме еді?
Іздемей жүріп-ақ осылай,
Жоғалтып алдың ғой сен мені.
Кірпіктен тамшы боп ыршыдық,
Шарқ ұрды ғаламат тіршілік.
Мен тұрдым алдыңда қымсынып,
Өксіктен өзегім тұншығып.
Жүректі бір тырнап,
Мың сыздық,
Өзгеге көрсеттік мұңсыз ғып.
Тілдеспей қоштаса салайық,
Ғарыштың тілі ғой – үнсіздік.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері