Шексіздік

Бұл бетте «Шексіздік» атты Айнұр Төлеу жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.09.2021
  • 0
  • 0
  • 792
Дөңбекшітті мені ойлар,
Дөңгелеп кетейін бе?
Дәтім жетіп алдыңнан,
Тоқтамай өтейін бе?
Беріліп удай ащы уайымға,
Дәл сенің аяғыңа,
Доп болып құлайын ба?
Әлде осы дөң асырмас,
Дөңкиген ойларыма
Шыдайын ба?
Жұмыр жер жылжи берді,
Жүрегін уақыт етіп,
Тым кербез күн жей берді.
Тәрк етіп мың ғасырды,
Айналып мен де өтермін,
Дөңгелек Күн басыңды.
Ұлы жер ой көтеріп,
Айналып бара жатыр.
Қозғалма осы сәтте,
Мендегі отсыз көзге,
Ойланып қара да, тұр!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шексіздік өлеңінің авторы кім?

Айнұр Төлеу — осы өлеңнің авторы.

Шексіздік өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шексіздік өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айнұр Төлеу өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шексіздік өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері