Жалаңаш орман – Айнұр Төлеу

Бұл бетте «Жалаңаш орман» атты Айнұр Төлеу жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 25.09.2021
  • 0
  • 0
  • 875
Қайтеміз сөз етіп
Жалаңаш орманды,
Көңілге қонып ап қараша
Жалаңаш арманың
Сұрайды жәудіреп араша!
Түсінгің келмейді
Ұқтырғым келгенді!
Мендегі тіл басқа
Түр басқа сендегі!
Үнсіз-ақ ұғысып жүр едік,
Сезім ек, ол кезде
Тірі едік!
Желкенді қайықты
Желі жоқ жағаға тіредік!
Өзімді іздедім,
Сен жақта жоқ екем!
Барсың деп несіне алдадың?!
Барлығын түсіндім,
Күрсіндім,
Қараша келгенде
Жалаңаш қалғанда орманың!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жалаңаш орман өлеңінің авторы кім?

Айнұр Төлеу — осы өлеңнің авторы.

Жалаңаш орман өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жалаңаш орман өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Жалаңаш орман өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері