Жігіттер
- 0
- 0
Жігіттер, күлкі - бақыт, ұрыс - қайғы,
Шаттықтан ақын халқы жыр ұстайды.
Дүниеден арбасумен өтіп кетсек,
Кім келіп сол қатені дұрыстайды.
Бұл бетте «Ағама» атты Айтқали Нәріков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
«Жаман қой ісегінде қартаяды,
Шымқұдық қас қағымда ортаяды.
Аруды алақанда ұстамаса,
Жиырмада алма беттен әр таяды».
Қызарады Күн ұяға батарда,
Нұрланады төңірек таң атарда.
Табиғатта сақталғанмен заңдылық,
Адам бірден кіре алмайды қатарға.
Хабарлама
INFO
Қызғанам сені маңдайына түскен күннен де,
Бірге жүргенде сені көрсетпей тұрған түннен де.
Көз алдымда мәңгі жүргеніңді қалаймын,
Қызғанам ғой сені айналып өткен желден де.
Сенсіз көзімді де ашқым келмейді,
Ашсамдағы көз алдымда қара түнек.
Сенсіз сөзімде көпке естілмейді,
Сенсіз істеген ісімнің де реті келмейді.
Көз алдымда сен,жүрек тұсымда да сен,
Сол қалпы жүрші жоғалып кетпе сен.
Шынайы қалпыңда көре алмасам да,
Елестетіп, еске алып,сағынысып жүрейін мен.
Жеткілікті бұл өмірде сенің барың,
Сен үшін өзгертем ғой жердің бәрін.
Сені сүю мен үшін сондай бақыт,
Қорғай жүрсін сол үшін сені тәңірім.
Ей тағдыр ай ғашық болдым неге айтшы,
Осы өлеңді соған ғана арнатшы.
Сүймейінші басқа жанды енді мен,
Ғашықтығымды осыменен тоқтатшы.