Арпалысқан ессіз тобыр – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Арпалысқан ессіз тобыр» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 26.09.2021
  • 0
  • 0
  • 628
Күміс тиын жылтыраса арасынан қоқырдың,
Екі көзі шамдай жанар сығырайған соқырдың.
Арпалысқан ессіз тобыр елең етіп еңкеймес,
Алтын басың домаланса астында ойран­топырдың.
Ебелекті сүйеу көріп, кисең жұттай кебенек,
Сүйкенгені сен боласың қыршаңқы мен қотырдың.
Ағайының айғай салып алды­артыңда тұрса да,
Ауған жүгің түзелмейді үстінде тар көпірдің.
Саған емес, қалтаңдағы қазынаңа іші ашыр,
Суға кетсең, құрбаны боп қара тасқын нөпірдің.
Алтыбақан алауыздық айналаңды жайласа,
Айна таздай қылтанақсыз қу тақырға отырдың.
Бір есекке орын босар екі жылқы тебіссе,
Сәні қашып сәйгүліктер сап түзеген ақырдың.
Қырық пышақ қым­қуытта қалам десең аман­сау,
Жоныңды тос дойырына даңғой менен дөкірдің.
Ей, ақыным, төбеңе шай қайнатса да шыдап бақ,
Тоқсан толғап айтқаныңды көкейіне тоқыр кім?..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Арпалысқан ессіз тобыр өлеңінің авторы кім?

Несіпбек Айтұлы — осы өлеңнің авторы.

Арпалысқан ессіз тобыр өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Арпалысқан ессіз тобыр өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Несіпбек Айтұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Арпалысқан ессіз тобыр өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері