Омар мен Таубайдың Жүсібіне айтқаны – Тұрмағамбет Ізтілеуұлы

Бұл бетте «Омар мен Таубайдың Жүсібіне айтқаны» атты Тұрмағамбет Ізтілеуұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.04.2019
  • 0
  • 0
  • 1759
Бектерім, бір-біріңмен болсаң тату,
Тарығып, тартпассыңдар тіпте қату.
"Жемейді біріккенді бөрі" деген,
Бұрынғы қариялардан қалған ату.
Қайраты қатарынан асқанменен,
Ерлерге емес оңай тау құлату.
Жақсыға жарасарлық жұмыс емес,
Бурадай шашып көбік, бұрқырату.
Ішінде аз өмірдің араз болып,
Айып іс — аға-ініні сөзге шату.
Жау болған жақынымен — жатқа жем боп,
Еркімен ете алмайды сауда-сату.
Жастарға жаңа өспірім жаздым үгіт,
"Жөн айтпай, жарамас, – деп, – жайға жату".
Болғанмен аспандағы Ай мен Күндей,
Уа, дарих, өмір бітсе, бір күн бату.
Мақсатым — мысал айтып мұндайынша,
Ойласып ойлы ерлермен, сөз сынату.
"Ишарат — ақылы барға" деген нақыл,
Шешенсіп, келіспейді көпті ұзату.

Қармақшы, 1913


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Омар мен Таубайдың Жүсібіне айтқаны өлеңінің авторы кім?

Тұрмағамбет Ізтілеуұлы — осы өлеңнің авторы.

Омар мен Таубайдың Жүсібіне айтқаны өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Омар мен Таубайдың Жүсібіне айтқаны өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрмағамбет Ізтілеуұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Омар мен Таубайдың Жүсібіне айтқаны өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері