Бұл бетте «Шағала» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Шағала, аппақ шағала,
Кездестік тағы жағада.
Былтырғы жаздан белгі жоқ,
Сәулесі ғана санада.
Алакөл жатыр орнында,
Тербеген мәңгі Жерана.
Сағынып келдім, шағала,
Жабығып шулы қалада.
Шырылдап неге жылайсың,
Өзегің өрттей жана ма?
Біреулер әлде сенің де
Ордаңа ойран сала ма?
Жәрдемің бар ма, шағала,
Жүрекке түскен жараға?
Жөңкілген толқын, көк айдын
Бізден де бір күн қала ма?
Білмеймін, қайда бастайды
Бұлдырап тұрған замана?
Мен де бір құспын, шағала,
Зар болып жүрген панаға.
Келе алмай қалсам оралып,
Қайтадан мынау жағаға,
Өлдіге сірә санама,
Шаршағанау деп шамала!..
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі