1993 жылы жазылған өлең
- 0
- 0
Қалайсыңдар, ағайындар қырдағы,
Келмей жүр ме тіршіліктің ырғағы?
Тасып біраз кегпіп едік тоқтықтан,
Жаратқанның сыны шығар бұлдағы.
Бұл бетте «Ақтөбе» атты Айтқали Нәріков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қалайсыңдар, ағайындар қырдағы,
Келмей жүр ме тіршіліктің ырғағы?
Тасып біраз кегпіп едік тоқтықтан,
Жаратқанның сыны шығар бұлдағы.
Болды кезім әр нәрсеге еліккен...
Енді қазір жас емеспін желіккен.
Қайда барсам, өзіме шақ орным бар,
Несібемді жеп келемін теріп мен.
Құрметтісі болмадым деп баршаның,
Қарап жүріп, өз-өзіңнен шаршадың.
Ел көзіне еленбей-ақ қойдым деп,
Қабағыңа ұялаттың қанша мұң.
Сен - бәйтерек, інің бұл - балғын құрақ,
Бір жаңа әуен жақында алдым құрап.
Өнер деген бәйге ғой, ал бәйгенің,
Әрқашан да арты шаң, алды жырақ.
Beka
Өте керемет