Ақын Роберт Бернске еліктеп
Бұл бетте «Ақын Роберт Бернске еліктеп» атты Айтқали Нәріков жазған поэзия туралы өлең берілген.
Нәзік сазға ауысып отты өлеңім,
Терезеңнің алдына көп келемін.
Ең болмаса, әйнектен қарасаңшы,
Жанарымды телміртпей текке менің.
Сен болмасаң, қабағым ашылмайды,
Сен болмасақ, жігер - құм, басым - қайғы.
Жарқ етіп бір көрінсең, жарығым-ау,
Қайта жайнап кететін асылдаймын.
Көзі бітіп, шау тартқан бұлақтайын,
Жанарымда бір үнсіз сұрақ дәйім.
Жаутаңдатып сен мені қоясың ба,
Босағаңа байланған лақтайын.
Бара жатыр сарқылып бұлағым-ой,
Бір зілдей жүк иыққа сұлады ғой.
Әміршісі әлемнің Күн де мына,
Тәулігіне бір рет шығады ғой!
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі