Анықтай алмас ешкім – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Анықтай алмас ешкім» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 26.09.2021
  • 0
  • 0
  • 758
Арсалаң, Сұлушоқы – жер төресі,
Өткізген балалықты өлкем осы.
Әрқашан өзіне ыстық көрінеді,
Арқардың ойнақтаған кер төбесі.
Арқаның аңсағанда сай­саласын,
Жылдарға алыс қалған ой саласың.
Бозторғай боз даласын ұмыта ма,
Төсінде жұмыртқасын шайқағасын?
Қалдырған қынасында қасқыр түгін,
Білуші ем таудың сырын, тастың тілін.
Қыдырып, қызық қуып жүруші едім,
Сүзілтіп сұлу қыздай ат кірпігін.
Өзекке өкініштен шоқ тамады,
Жастықтың жәрмеңкесі тоқтағалы.
Адасқан үйірінен асау көңіл,
Құлындай кісінейді ноқтадағы.
Ұяға балапандай бауыр басқан,
Бұл күнде алыстадық ауылдастан.
Жоқтыққа жомарттықпен жауап беріп,
Пейілдің қара суға балын қосқан.
Әркімге өз мекені – жер шоқтығы,
Анықтай алмас ешкім өлшеп мұны.
Жүрекке алып ұшқан ем таба алмай,
Өлерміз сағыныштан өлсек түбі.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Анықтай алмас ешкім өлеңінің авторы кім?

Несіпбек Айтұлы — осы өлеңнің авторы.

Анықтай алмас ешкім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Анықтай алмас ешкім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Несіпбек Айтұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Анықтай алмас ешкім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері