Алдамашы – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Алдамашы» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 26.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1133
Шөл қандырар кәусардай тас бұлағы,
Барқытбелдің жұпары мас қылады.
Көктегі бұлт қабағын қатты түйсе,
Жерде гүлдің көзіне жас тұнады.
Тастың тілін түсінер тау баласы,
Табылар ма іздесем жан дауасы?
Гүл көзінен көп нәрсе көріп тұрмын,
Қызықтырып, дүние, алдамашы!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері