Бұл бетте «Ей, мұңлығым!» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Бір түлейін, сілкінейін,
Жалғастырып жолды қашық.
Ақ жаңбырдай сіркірейін,
Кеудемдегі шаңды басып.
Білесің ғой мәнжайымды,
Бетпақ шөлдей қалдым қаңсып.
Жібітейін таңдайымды,
Мөлдірімау, алдымнан шық!
Көкте жүрген кезбелердей,
Не сұрайсың көшкен бұлттан?
Жер бетінде аз ба мендей
,
Жоқты іздеумен бас қаңғыртқан?
Жата алмадым салқын белде,
Ат сауырын күн қақтырдым.
Таба алмаспын, бәлкім, мен де
Құпиясын жұмбақ сырдың.
Тағдыр бізді аяған ба,
Кейпімді кеп көрсең еді.
Ей, мұңлығым, сәл аялда,
Мүсіркегің келсе мені!
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі